Ақылбек Аманбайұлы 1971 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика институтын "мәдени ағарту жұмыстарының ұйымдастырушы методисі" мамандығымен, сондай-ақ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры" бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Исатай аудандық мәдениет бөлімінің әдіскерлер орталығының әдіскері болып бастады. 1994-2006 жылдары әдіскерлер орталығының меңгерушісінен Мәдениет үйінің директорына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006 жылы Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2012 жылы Исатай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болды.
Осы тағайындауға дейін Атырау қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.